Жаңалықтар

Тұрғындар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне наразы

ашық дереккөзі

Тұрғындар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне наразы

ADAL  партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар халықпен кездесу өткізуді жалғастырып жатыр. Кездесуде тұрғындар өзекті мәселе, күнделікті өмірде кездесетін қиындықтар туралы айтып жүр. Ләззат Шыңғысбаева Балқаш ауданы Бақанас ауылының тұрғындарымен кездесті. Ол партияның басымдықтары туралы айтты және партия адамдардың өтінішіне  назар аударатынын ерекше атап өтті. Ауыл тұрғындары ипотекамен сатып алынған тұрғын үйдің артық төлем сомасы тым көп екеніне наразы. «Екі есе артық төлеу тым көп емес пе?», – деді тұрғындар. Олардың пікірінше, мұндай көп артық төлем мемлекеттік бағдарламаларда да бар. Көпбалалы ана азық-түлік бағасының өскеніне шағымданды. «Тауарлардың негізгі түрлерінің бағасын ұстап тұруға байланысты мемлекеттік орган жоқ па? Бағалар өсе береді, ал табысымыз өзгермейді, бұрынғыдай», – дейді әйел. Ауылдың тағы бір тұрғыны бюджет қаржысының қаншалықты тиімді жұмсалатынына алаңдаушылық білдірді. «Мен жыл сайын абаттандыруға, жаңа нысандарға және т.б. қаражат бөлінетінін білемін. Бірақ жұмыс сапасына күмән бар. Міне, қазір біздің ауылда балабақша салынып жатыр. Оған 250 миллион теңге бөлінді. Ал бұл ақша қалай жұмсалады? Бұл сұрақ! Жалпы, ақшаның қалай жұмсалатынына қатаң халықтық бақылау қажет». Атырау облысындағы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев онлайн режимде халықпен кездесу өткізді. Тікелей эфир кезінде интернет-қолданушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Адамдар негізінен халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін партия не ұсынатынын сұрады. Спикерлер бұл партияның басты мақсаты екенін атап өтті. Оны іске асыру үшін партия бюджет қызметкерлерінің орташа жалақысын 200 мың теңгеге дейін арттыру, фермерлердің мемлекеттен субсидия алу жағдайын жақсарту, проблемалық несиелерге рақымшылық жасау, ауылдағы тұрғын үй құрылысын жандандыру, ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құру және басқа да мәселелерді шешуге ниетті. Нұр-Сұлтан қаласында ADAL партиясының филиалы ұйымдастырған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі үлкен іс-шараға айналды. 20-ға жуық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 70-тен астам елордалық жұмыссыз жұмыс іздеп келді.