Ауыл әйелдерінің зейнет жасын төмендету ұсынылды

Ауыл әйелдерінің зейнет жасын төмендету ұсынылды

Ауыл әйелдерінің зейнет жасын төмендету ұсынылды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында өткен«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлермен кездесуде өңір тұрғындары ауыл халқының мүдделерін ескере отырып, зейнетақы және әлеуметтік саясатты қайта қарауды сұрады. Ауыл тұрғындарының пікірінше, әлеуметтік саясат реформалары, ауылдағы шынайы өмірді ескерілмей қала тұрғындарының тұрмысына сүйеніп жасалған. Тұрғындармен кездесу барысында зейнетке шығу жасы қызу талқыланды. Қазіргі уақытта Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлік жасы жарты жыл сайын ұлғаюда. Бұл қала және ауыл тұрғындарына ортақ ереже. Бірақ, іс жүзінде олар мүлдем басқа жағдайларда өмір сүреді. Әдетте, ауыл әйелдері өмір бойы ауыр аграрлық еңбекпен айналысады, оған жеке ауладағы күнделікті жұмыс та қосылады. Сонымен қатар, қаладағы пәтер мен ауылдағы жер үйдегі өмір екі түрлі екенін білеміз. Сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа жеткенде адамдардың денсаулығы әртүрлі болатынын да ескеру керек. Сондықтан, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Парламент депутаттығына үміткерлермен кездесуде шалғай ауыл тұрғындары Мәжілістің болашақ құрамына ауыл әйелдері үшін зейнетақы жасын ең болмағанда бұрынғы деңгейіне, яғни 58 жасқа дейін төмендету туралы өтінішпен жүгінді. Ауыл тұрғындарының пікірінше, денсаулығына шағымданбайтын және жеңіл еңбек саласында жұмыс істейтін адамдар үшін, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін төлей отырып, 58 жастан кейін қызметін жалғастыру мүмкіндігін қарастыру керек. Айта кету керек, «Ауыл» партиясының жаңа сайлауалды бағдарламасының бағым бағыттарының бірі әлеуметтік салаға қатысты. «Еліміздегі демографиялық жағдайға үлкен әсер ететін ауыл болғандықтан, партия әділетті Әлеуметтік кодекс әзірлеуді ұсынады. «Ауыл» партиясы дені сау, рухы мықты ұлтты және отбасы мен ананың рөлін арттыруды қолдайды, сондықтан «көп балалы ана» мәртебесін алу үшін шекті деңгейді 3 балаға дейін төмендетуге, көп балалы аналар үшін зейнеткерлік жасты 53-ке дейін төмендетуге, «Бала нәсібі» кепілдендірілген балалар капиталын 18 жасқа дейін төлеуге, жас отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін пайызсыз несие беруге, ал ауылдық жерлерге көшетіндерге – үй шаруашылығын жүргізуге және бизнес ашуға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Біз азаматтардың әділ әлеуметтік саясат туралы пікірімен толық келісеміз және қолдаймыз», – деп атап өтті партия кандидаты Рабиға Тоқсейітова ауыл тұрғындарымен кездесуде. Сондай-ақ, Рабиға Тоқсейітова ауыл – бұл елдің алтын бесігі, тектіліктің тамыры, құндылықтың қазығы екенін, сондықтан бүгінде мемлекет «тағдыры» анықталатын маңызды орган, яғни Парламентте фермерлер мен ауыл тұрғындарының дауыстарын жеткізетін, естіртетін уақыт келгенін атап өтті.