«Қазгидромет» РМК 24 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шымкент қаласында түнде тұман күтіледі.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ, солтүстігінде түнде қатты аяз 22°С болады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман болжанады.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 5-20 жетеді.