Ерлігі 11 жылдан кейін мойындалған қазақ Túrkistan газетіне сұхбат берді

 2008 жылы Оңтүстік Осетия болған қақтығыста қарулы жасаққа жалғыз өзі қасқайып қарсы тұрған қазақ Тасболат Ибрашевті жұрт бертінге дейін бурят деп ойлап келіпті.

Оған себеп, осы оқиғаға куә болған батыстың журналистері жаужүрек жауынгердің қайсарлығына таңқалып «300 спартандық керек емес, біреуі-ақ жеткілікті» деген тақырыппен видео жариялаған.  Тек ондағы солдаттың аты-жөні қандасымыз Тасболат Ибрашев емес, бурят Бато Дашидоржиев деп жазылып кеткен.Ойдан шығарылған есім, өмірде жоқ «бурят батыры» Бато шын мәнінде қазақ Тасболат екені 11 жылдан кейін, 2019 жылы мәлім болған.

tasbolat i

Тасболат Ибрашев Атыраудың Исатай ауданындағы Аққыстау ауылында туған, Құрманғазы ауданындағы Ганюшкин ауылында оқыған. Бала кезінде Астраханға көшкен. Қазір отбасымен бірге қазағы қалың Қараөзек деген ауылда тұрады. Тасболат Ибрашев тұңғыш рет қазақстандық БАҚ-қа сұхбат берді. Сұхбат «ҚАРУЛЫ ЖАСАҚҚА ЖАЛҒЫЗ ӨЗІ ҚАСҚАЙЫП ҚАРСЫ ТҰРҒАН ҚАЗАҚ» деген тақырыппен Túrkistan халықаралық газетінің жаңа санында (бейсенбі) және turkystan.kz сайтында ертең (24.12.2020) жарияланады.

Back to top button