«Қос жебе суырғандай қорамсақтан». Белгілі ақын Олжас Отар бір жылда екі саланың үздігі атанды

«Қос жебе суырғандай қорамсақтан». Белгілі ақын Олжас Отар бір жылда екі саланың үздігі атанды

«Қос жебе суырғандай қорамсақтан». Белгілі ақын Олжас Отар бір жылда екі саланың үздігі атанды
ашық дереккөзі
Елімізге танымал ақын, сазгер, салық қызметкері Олжас Отар Тәуелсіздік мерекесіне орай "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды. Марапатты өнер иесіне Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов тапсырды. Әнші Қайрат Нұртас орындайтын «Ауырмайды жүрек» әні халық арасында кеңінен тарап, «кардиолог ақын» атанған Олжас Отар бүгінде – Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары. Есеп-қисапқа жүйрік ақын салық саласында да еңбегі елеулі. [caption id="attachment_132678" align="alignnone" width="600"] width= О.Отар Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешовпен бірге.[/caption] «Бұған дейін «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталған едім. Осылайша, биыл қатарынан «Қос жебе суырғандай қорамсақтан» екі ведомствоның алғысын алып жатырмын. Бұл тек маған ғана берілген марапат емес. Мемлекеттік қызметкердің өнермен айналыса алатынын, өнер адамының мемлекеттік қызметпен айналыса алатынын дәлелдейтіні анық» дейді Олжас Отар.