Қазақстандағы жаңажылдық шоуға түрік әншісі Мұстафа Сандал келеді

Қазақстандағы жаңажылдық шоуға түрік әншісі Мұстафа Сандал келеді

Қазақстандағы жаңажылдық шоуға түрік әншісі Мұстафа Сандал келеді
ашық дереккөзі
31 желтоқсанда AstanaTV көрермендерін қазақ телевизиясының тарихында бұрын-соңды болмаған ғаламат шоу күтеді! «ULY DALA JANA JYLY» – сағат 16:00-де басталып 10 сағат бойы жалғасатын ең ұзақ жаңажылдық жоба.        Жобаның басты ерекшелігі – еліміздің 17 аймағынан келген ең танымал отандық әртістерді бір сахнада көру мүмкіндігін сыйлайды. AstanaTV жаңажылдық мерекелік кешінің форматы – ең танымал ән байқауы «Евровидениеге» ұқсас келеді. Сахна төрінен танымал әншілермен бірге, белгілі әртістер, спортшылар, медиа саласының жұлдыздары, вайнерлер мен блогерлер және т.б. өнерін тамашалай аласыздар. Осылайша, көрермендер қазақстандық жұлдыздардың хит әндері мен сүйікті сықақшыларының жаңа әзілдерін тыңдайды. Жаңажылдық мерекелік кештің басты қонағы – түрік эстрадасының жұлдызы Мұстафа Сандал. Жаңажылдық шоудың түсірілімі үшін еліміздегі ірі мегаполис – Шымкент қаласындағы  3 нүкте (локация) таңдалды. Барлық түсірілім жұмысы екі үлкен концерт залында өтеді. Ал, музыкалық қойылымдар арасында шығыс базары әсем безендіріліп, көрермендерге жаңа жылдық ертегілер әлемін сыйлайды. 31 желтоқсан күні сағат 16: 00-де AstanaTV «ULY DALA JANA JYLY» атты жаңа жылдық шоуды тамашалаңыз! https://youtu.be/Roo_fPfUiTM