Жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясының мүшесі Семей тұрғындарымен кездесті

ашық дереккөзі

Қазақстан Халық партиясының мүшесі Семей тұрғындарымен кездесті

Семейде Қазақстан Халық партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Оксана Шишкина жергілікті тұрғындармен кездесті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады. Оксана Шишкина табиғи ресурстар халыққа қызмет етіп, республика азаматтарының бақылауында болуы керектігін және олардың әділ әрі ашық бөлінуі тиіс екенін атап өтті. Оның пікірінше, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығы салаларды дамыту арқылы жүзеге асырылуы керек. ҚХП өкілінің жергілікті тұрғындармен кездесуі сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылды.