Олимпиада жүлдегерінің бір үйір жылқысын ұрлаған адам ұсталды (видео)

Олимпиада жүлдегерінің бір үйір жылқысын ұрлаған адам ұсталды (видео)

Олимпиада жүлдегерінің бір үйір жылқысын ұрлаған адам ұсталды (видео)
ашық дереккөзі

Лондон Олимпиадасының жүлдегері, еркін күрестен Азия чемпионы, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы Ақжүрек Таңатаров жамбыл полицейлерге алғыс айтып, видеоүндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz. Танымал спортшы осыдан біраз уақыт бұрын Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында өзіне тиесілі 26 жылқысы жоғалғаны туралы полицияға шағымданған. Құқық қорғау қызметкерлері шұғыл іздестіру шарасын ұйымдастырып, осы іске қатысы бар деген күдікпен Жарлысу ауылының тұрғыны,  31 жастағы, бұрын сотты болған ер адамды ұстады. Осыған байланысты қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 4-бөлігі («мал ұрлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрланған мал иесіне қайтарылған. «Екі апта бұрын жылқыларымды жоғалтып, жан-жаққа жоғалған малымды табуға көмектесуін сұрап, хабар жіберген едім... Жылқыларымды табуға көмектерін көрсеткен Т.Рысқұлов ауданының полицейлеріне рахмет» деді Ақжүрек Таңатаров.