Головкинге "Канелоның" орнына басқа қарсылас ұсынылды

Головкинге "Канелоның" орнына басқа қарсылас ұсынылды

Головкинге "Канелоның" орнына басқа қарсылас ұсынылды
ашық дереккөзі
Украина боксшысы Сергей Деревянченконың промоутері Лу ДиБелла Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) Сауль Альвареспен (54-1-2, 36 КО) үшінші рет жекпе-жекке шығуын әлі де қаламайды, деп хабарлайды  Sports.kz. «Мен GGG-дің Андрадеге қарсы жекпе-жегін көргенді қалаймын», - деді ДиБелла. Еске сала кетсек, Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Геннадий Головкиннің бұл дивизионда IBF және IBO белбеуі бар. Соңғы өткен жекпе-жегінде Головкин жеті раундтан кейін Польша боксшысы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) жеңген болатын.