Атыраулық әйел екі баласын жалдамалы пәтерде тастап, із суытты

Атыраулық әйел екі баласын жалдамалы пәтерде тастап, із суытты

Атыраулық әйел екі баласын жалдамалы пәтерде тастап, із суытты
ашық дереккөзі
Атырау қаласының тұрғыны екі баласын жалдамалы пәтерде тастап кеткен. Бұл туралы "Мой город" хабарлады.  Жұмыссыз әйел пәтерді 2019 жылдың жылдың қазан айында жалға алған. Ол онда бес және үш жасар екі қызымен бірге тұрған. Атырау облыстық полиция департаментінің дерегінше, бірнеше күн бұрын әйелдің Ақтауда тұратын 18 жастағы қызы тәртіп сақшылары жүгінген. Бойжеткеннің айтуынша, анасы хабарласып, сіңлілеріне қарауын сұраған. Осыдан кейін әйел хабар-ошарсыз кеткен.  5 қарашадан кейін оны ешкім көрмепті. Бұған дейін балалар бейімдеу орталығына жіберіліп, әйелдің өзі кәмелеттік жасқа толмаған балаларға тиісті деңгейде қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді. Қараусыз қалған балалар тағы да бейімдеу орталығына орналастырылды. Әйелді ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Тиісті органдар қажетті деректерді жинауға кірісті.