Жаңалықтар

61 жастағы әже сұлулық байқауында өзінен екі есе жас аруларды жолда қалдырды

ашық дереккөзі

61 жастағы әже сұлулық байқауында өзінен екі есе жас аруларды жолда қалдырды

АҚШ-тың Кентукки штатының "мәңгі жас " тұрғыны Карен Расселл немересі үшін сұлулық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Бұл туралы Daily Mirror хабарлады. 61 жастағы америкалық әйел 16 жастағы немересі Шейлинге мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдеу үшін жергілікті сұлулық байқауына қатысты. Егде жастағы әйел өзінен екі есе жас жас бәсекелестерін жолда қалдырып, бірінші орынға ие болды. Бұл - оның бесінші жеңісі.