61 жастағы әже сұлулық байқауында өзінен екі есе жас аруларды жолда қалдырды

61 жастағы әже сұлулық байқауында өзінен екі есе жас аруларды жолда қалдырды

61 жастағы әже сұлулық байқауында өзінен екі есе жас аруларды жолда қалдырды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Кентукки штатының "мәңгі жас " тұрғыны Карен Расселл немересі үшін сұлулық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Бұл туралы Daily Mirror хабарлады. 61 жастағы америкалық әйел 16 жастағы немересі Шейлинге мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдеу үшін жергілікті сұлулық байқауына қатысты. Егде жастағы әйел өзінен екі есе жас жас бәсекелестерін жолда қалдырып, бірінші орынға ие болды. Бұл - оның бесінші жеңісі.  width= "Кейде мен подиумда 18 сантиметрлік өкшемен жүремін, бұл 61 жастағы әйел үшін керемет жетістік ", ‒ дейді ол. ‒ Мен ешқашан жасыма алаңдамаймын, өйткені көйлек маған өзімді керемет сезінуге көмектеседі. Мен қырық жастағы өте сұлу әйелдермен жарысып, жеңіске жеттім". Расселл жас әйелдерге адамның жасы жай ғана сан екенін түсіндіруге ниетті. Оның айтуынша, ол ешқашан сахнадан қорықпаған, бірақ өз жасына сай келетін көйлек таңдау қиынға соғады екен.