Жаңалықтар

Банктен несие ала алмай жүрген ауыл тұрғындары адалдықтарға шағымдарын айтты

ашық дереккөзі

Банктен несие ала алмай жүрген ауыл тұрғындары адалдықтарға шағымдарын айтты

ADAL партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер халықпен кездесу өткізіп жатыр. Кездесу барысында тұрғындар  өзекті мәселелерді айтып, ұсынысын жеткізді.  Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева, Лаура Маликова, Алина Асқарова, Игорь Шацкий Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қ.Қайсенов ауылының тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар партия бағдарламасындағы азаматтарды әлеуметтік қолдау мен бизнесті дамыту бойынша ұсыныстарды тыңдады. – Біздің жастарға жұмыс табу қиын. Барлық жұмыс беруші  жұмыс тәжірибесін талап етеді. Ал егер жұмысқа орналасуға мүмкіндік берілмесе, не істейді? Партия колледждер мен жоғары оқу орындарында өз идеясын іске асыратын болса, онда бұл жастарға үлкен көмек болар еді, – деді тұрғындардың бірі.