Қарағандыда прокуратура ғимаратына бомба қойылды деп қоңырау шалған ер адам ұсталды

Қарағандыда прокуратура ғимаратына бомба қойылды деп қоңырау шалған ер адам ұсталды

Қарағандыда прокуратура ғимаратына бомба қойылды деп қоңырау шалған ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
Бүгін белгісіз ер адам Төтенше жағдайлар басқармасына Қарағанды қалалық полиция басқармасы мен Қазыбек би атындағы ауданның прокуратура ғимаратына бомба қойылғанын айтып, жалған хабар берген. Бұл туралы ekaraganda.kz сайты жазады.  22 желтоқсан күні сағат 16.30-да Төтенше жағдайлар басқармасына Қарағанды қаласының полиция басқармасы мен Қазыбек би атындағы ауданның прокуратура ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері шұғыл түрде тексеру жүргізіп, ғимараттан қызметкерлер эвакуацияланды. Екі ғимаратта жүргізілген тексеріс кезінде жарылғыш зат табылған жоқ. ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабына сәйкес, «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жалған қоңырау шалған адам анықталды. Ол 46 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Жағдайдың мән-жайы анықталуда.