Абай болыңыз: «Қазгидромет» мамандары бірқатар өңірде ескерту жариялады

Абай болыңыз: «Қазгидромет» мамандары бірқатар өңірде ескерту жариялады

Абай болыңыз: «Қазгидромет» мамандары бірқатар өңірде ескерту жариялады
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК еліміздің 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 23 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде кей жерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Петропавлда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші секундына 15-20, күндіз екпіні 25 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде 23 желтоқсанда тұман түседі. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90%. Ақмола облысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Көкшетауда жаяу бұрқасын күтіледі, ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%. Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Шымкентте түнде тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.