26 желтоқсанда сайлаушылардың тізімі ұсынылады – ОСК

26 желтоқсанда сайлаушылардың тізімі ұсынылады – ОСК

26 желтоқсанда сайлаушылардың тізімі ұсынылады – ОСК
ашық дереккөзі
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров 26 желтоқсанда сайлаушылардың тізімі ұсынылатынын айтты. «Әрбір азамат сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы мәліметті тексере алады. Азаматтар сонымен қатар ол тізімге мүлде енгізілмей қалу немесе дұрыс енгізілмей қалу, шығып қалу жағдайларына қатысты шағым білдіре алады. 26 желтоқсаннан бастап сайлауға 20 күн қалғанда тұрғылықты жер бойынша әзірленген сайлаушылардың назарына ұсынылады», – деді Константин Петров. Азаматтар учаскелік сайлау комиссиялары отыратын нысанда ол тізімді тексеріп, өзі туралы мәліметтердің дұрыс енгізілгенін немесе енгізілмегенін тексере алады. «Учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін аумақтық сайлау комиссиялары бекітеді. Сайлаушылардың тізіміне өзгерістер енгізу туралы шағымды түскен күннен бастап тиісті сайлау комиссиялары қарайды. Егер ол шағымды қараудан бас тартса, сайлау комиссиясы оның себебін түсіндіруі керек. Азаматтардың бұл шешімге қатысты шағымды қайта сотқа жолдауына мүмкіндік бар», – деді ол.