Бүгін Нұр-Сұлтанда жаңажылдық шыршаларды жағу рәсімі өтеді

Бүгін Нұр-Сұлтанда жаңажылдық шыршаларды жағу рәсімі өтеді

Бүгін Нұр-Сұлтанда жаңажылдық шыршаларды жағу рәсімі өтеді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі шырша жағу рәсімі қашан және қайда өтетінін айтты. Әкімдік мәліметінше, 22 желтоқсанда сағат 20:00-де Нұр-Сұлтанда қаланың барлық жаңажылдық шыршалары жанады. «Қала аумағында олардың саны 30-дан асады. «Хабар» телеарнасы «Ғажайып шырша» қысқаметражды фильмін 19:50-де көрсете бастайды, ал 20: 00-де ЭКСПО-да орналасқан бас шыршаны жарықтандыруға арналған дайындалған бейнеролик көрсетіледі. 10 минуттық фильмнің өзі бірнеше новелладан тұрады: игі істер, жануарларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық, ата-аналарға деген құрмет пен қамқорлық, отбасылық құндылықтар», – деді қала әкімдігі.
Сондай-ақ 22 желтоқсан сағат 20.00-де «Үйдегі шыршаны безендір» флешмобына қатысуға шақыратын бейнеролик жарияланады. Бұл флешмобқа кез келген адам қатыса алады, ол үшін телефонға видео немесе фото түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастыру қажет әрі Нұр-Сұлтан әкімдігінің парақшасын белгілей отырып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен жариялауға болады.
Бұдан бөлек, әкімдік мәліметінше, Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары үшін бейне құттықтаулар ұйымдастырылады. Оған танымал адамдар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, актерлер және тағы басқалары қатысады.