«Бюджет мол – мәселе сол»: республикалық карикатурашылар байқауы өтті
«Бюджет мол – мәселе сол»: республикалық карикатурашылар байқауы өтті
«Медиа орда» қоғамдық қоры Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «Бюджет мол – мәселе сол» атты республикалық карикатурашылар байқауының қорытындысын жариялады.
Қоғамдағы түйткілді мәселелердің түйінін тарқату үшін жыл сайын мемлекеттік бюджеттен қыруар қаражат бөлінеді. Әйтсе де өте өзекті әлеуметтік проблемалар шешімін табар емес: бюджетті игеру, жоспарлау және т.б. жайттар реттелмей отыр. Еліміздегі кәсіби және әуесқой карикатурашылар осы тақырып аясындағы, республика көлеміндегі немесе өңірлердегі маңызды мәселелерді карикатура тілімен сөйлетіп көрді.
[caption id="attachment_132473" align="alignnone" width="1100"] Талғат Жеңісұлының "ЛРТ - стоунхендж" жұмысы - ІІ орын[/caption]
«Медиа орда» қоғамдық қорының жетекшісі Асқар Беков: «Байқауды ұйымдастырудағы мақсатымыз – еліміздегі карикатура жанрының жандануына тиіттей де болсын өз үлесімізді қосу болды. Карикатура – бағзыдан бері әлеуметтің өзекті мәселелерін көтере білетін, оны қалың көпшілікке көрсете алатын бірден бір құрал. Бұл жанрдың халықаралық деңгейде өзіндік орны бар. Өкінішке қарай, осы жобаны жүзеге асыру барысында елімізде кәсіби карикатурашылардың көп емес екенін куә болдық. Десек те, бұл жанрдың түп-тамырымен жоғалып кетпеуіне септігін тигізіп жүрген кәсіби суретшілер бар. Сол қылқалам шеберлеріне қолдау көрсету мақсатында осындай байқау ұйымдастырдық», – дейді.
Байқауға барлығы 148 жұмыс келді, оның ішінде 35 жұмыс байқау шарттарын орындамағаны үшін (көшірме, қайталау және т.б.) конкурсқа жіберілмеді, ал қалған 113 жұмыстың ішінде негізгі тақырып – 75, ал еркін тақырып бойынша 38 жұмыс бағаланды. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 1 350 000 теңге.
[caption id="attachment_132475" align="alignnone" width="1131"] Әділ Закеновтың "ЛРТ: көзден бұлбұл ұшты" жұмысы - ІІІ орын[/caption]
Бұдан бөлек, карикатурашыларға ынталандыру сертификаттары берілді: 7 жұмыс – 50 000 теңгелік, 5 жұмыс – 20 000 теңгелік сыйлық алды.
Елімізге белгілі карикатурист, осы байқаудың негізгі сарапшысы әрі әділ-қазы мүшесі Ғалым Смағұлұлы: «Байқауға ұсынылған жұмыстардың тақырыбы, яки нысанына, идеясы, яғни тапқырлығына және техникасы, яғни ұсыну шеберлігіне ерекше маңыз бердік. Республика көлемінде бірқатар карикатурашыдан жақсы жұмыстар келді. Бас жүлделерді алған суретшілер байқауға жақсы дайындалған: тапқыр, шебер әрі өзекті туындылар келді. Әлі де болса жетілдіру керек жұмыстар да болды, оларға ынталандыру сертификаттары берілді», – деп атап өтті.
Бұл байқауға жиналған үздік суреттер көрерменсіз қалмайды. Ұйымдастырушылар «Бюджет мол – мәселе сол» атты альбом-жинақ шығаруды, сондай-ақ, конкурсқа келген өнер туындыларын онлайн кеңістікте кеңінен тарату мақсатында лонгрид форматында деректі-мақала ұсынуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Aiqyn республикалық қоғамдық-саяси газетінің «Ара» сатиралық қосымшасымен серіктесіп, аталмыш басылымға үздік сурет сериясы жарияланбақ.
[caption id="attachment_132477" align="alignnone" width="775"]