Финляндия ЭКСПО-2017-ге қатысу туралы шартқа қол қойды
Финляндия ЭКСПО-2017-ге қатысу туралы шартқа қол қойды
Астанада Финляндия Республикасының «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу шартына қол қоюы өтті. Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компания Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және Финляндияның Ұлттық секциясының комиссары Севери Кейняла қол қойды.
Кездесу кезінде Ахметжан Есімов фин тарапын Көрмені ұйымдастыру және ЭКСПО-2017-ні халықаралық ілгерілету бойынша жұмыспен таныстырды. Ұлттық компания басшысы бүгінгі күні Көрмеге қатысуды 98 ел және 18 халықаралық ұйымдар растағандығын айтты.
«Жаңартылған энергия көздерін қолдану саласында Финляндия еуропалық елдер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. ЖЭК дамытудағы біздің тәжірибеміз Көрме қатысушылары мен келушілер үшін қызықты болатындығына сенімдімін», - деді Ахметжан Есімов.
Финляндиядағы жаңартылған энергия көздерінің үлесі 33% құрайды. Осыған орай 2020 жылға қарай ЕО тарапынан Финляндия үшін белгіленген бұл үлесті 38%-ға дейін арттыру мақсаты шынайы болып көрінеді. Биомасса базасында энергия үлесі барлық ЖЭК 80% құрайды. Биоэнергетиканы қолдануды арттыру Финляндияға энергиялық қорлар импортынан тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, Финляндияның Ұлттық секциясының комиссары Севери Кейняла елдің осындай ауқымды халықаралық іс-шараларға басқа скандинавиялық елдермен бірлесе қатысқандығын мәлімдеді. Алайда, біздің достық екі жақты қатынастарды және Көрменің өзекті тақырыбын ескере отырып, Финляндия өз бетімен қатысу шешімін қабылдады.
«Финляндия Республикасының ЭКСПО-2017-ге қатысуы экономикалық түрде тиімді ұйымдастырылады. Біз фин павильонының шеңберінде біздің жұмыстың нақты мақсатын белгіледік – бұл біздің елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты күшейту, сондай-ақ қазақтандық нарыққа фин бизнес-қауымдастықтары мен энергетикалық компанияларын тарту», - деді Севери Кейняла.