Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы қашан тіркелетіні белгілі болды

Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы қашан тіркелетіні белгілі болды

Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы қашан тіркелетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрлігі «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС өндірістік аумағында ресейлік «Спутник V» вакцинасының өндірісі жөнінде баспасөз турын өткізді.  Осы мекеменің бас директоры Сергей Барон, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасы орынбасары Нұрлыбек Асылбек БАҚ өкілдерін коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының өндірісімен таныстырды. 2020 жылғы 26 тамызда «СҚ-Фармация» мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының кепілдік берілген көлемін бөлу туралы өзара келісімге қол қойған еді. 11 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлескенде пандемиямен күресте ынтымақтастықты жандандыруды, ҚР аумағында вакциналарды бірлесіп өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды талқылаған. 4 желтоқсанда РТИҚ ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық туралы келісім жасасып, 2020 жылғы 13 желтоқсанда «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС препараттың тәжірибелік сериясын өндіру үшін 6 мың доза көлемінде субстанция алған. «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобымен, РТИҚ-ның және «Генерум» компаниясының серіктестерімен бірге жол картасы әзірленді. Барлық мәселе күн сайын талқылануда. Біз қысқа мерзім ішінде технология трансферін, өндірісті дайындауды, тоңазытқышпен жабдықтауды, персоналды оқыттық, оның сапасын зерттеп және Қазақстанда тіркеу үшін вакцинаның тәжірибелік сериясын шығаруға кірістік», – деді баспасөз туры барысында Сергей Барон. Вакцина 2020 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 21 қаңтарға дейін Н.Ф.Гамалея атындағы ЭМҒЗИ-да сапаны бақылау процесінен өтеді. Тексеру сәтті болған жағдайда 2021 жылғы 26 қаңтардан 11 ақпанға дейін препаратты Қазақстан Республикасында тіркеу жоспарлануда. «Өзіміз өндірген вакцинаны толық тіркеп және бірінші партияны 2021 жылдың 12 ақпанына дейін РТИҚ-на тапсыруды жоспарлап отырмыз. «СҚ-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторына вакцинаны жеткізуші және өнімнің иесі Ресейдің тікелей инвестициялар қоры», – деді Сергей Барон. 2021 жылдың ақпанында «Спутник V» вакцинасының 80 мың дозасын, наурызда 150 мың дозасын, ал сәуір айынан бастап 600 мың дозаға өндіру ісі жоспарлануда. «Бастапқыда медицина қызметкерлерін, бірінші кезекте жұқпалы аурулар ауруханалары мен жедел медициналық жәрдем қызметкерлерін, сондай-ақ кәсібіне байланысты жұқтыру қаупі жоғары, қашықтықтан жұмыс істеу қиын немесе қолайсыз қызметкерлерді вакцинациялау көзделіп отыр», – деді Нұрлыбек Асылбеков. Иммунизацияның екі есе кестесін ескерсек, халықтың 20%-ын иммундау үшін 6 млн дозадан, халықтың 50% үшін 20 млн дозаға дейін қажет.