«Ақ жол» партиясы: Бизнес мүддесін қорғау – біздің басты міндетіміз

«Ақ жол» партиясы: Бизнес мүддесін қорғау – біздің басты міндетіміз

«Ақ жол» партиясы: Бизнес мүддесін қорғау – біздің басты міндетіміз
ашық дереккөзі
Бұл туралы «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобының мүшелері Көкшетау қаласындағы сайлаушылармен кездесу барысында мәлімдеді. Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидат партия өкілдері, облыстық филиалдың активі қаладағы автокөлік сататын және қызмет көрсететін жетекші кәсіпорындардың біріне барды. Партиялықтар компанияның жұмыс барысымен танысты. «Фаворит моторс» ЖШС жанынан автосалон мен көлік жуу орталығы ашылған. Мұнда сервистік қызметтер көрсетіледі, аккумулятор орталығы жұмыс істейді. Сөрелерден негізінен, отандық тауарларды көре аласыз. Жалпы серіктестік 60-қа жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. «Ақжолдықтар» сайлауалды тұғырнама және партия қызметі туралы айтып, мәселелер мен тілектерді тыңдады. Кәсіпорын қызметкерлері белгілі бір қиындықтарға шағымданды. Олардың айтуынша, пандемияға қарамастан, олар бұл жерде штаттық режимді сақтай алды. Алайда, коронакризис ұсынылатын қызмет көлеміне әсер етті – олардың деңгейі төмендеді. Партия мүшелерінің айтуынша, ШОБ мәселелері оларға жақсы таныс. Себебі бизнес мүдделерін қорғау – партияның негізгі міндеті. «Қазақстандық қоғамның тұрақтылығы экономиканың осы секторының дамуына байланысты. Біз өз бағдарламамызда отандық бизнесті қолдау үшін нақты ұсыныстарды атап көрсеттік», – деп мәлімдеді Меруерт Қазбекова. «Ақ жол» партиясының бастамаларының ішінде: салықтық рақымшылық, ШОБ-ты ҚҚС, КТС төлеуден және төлем қабілеттілігі толық қалпына келгенше мүлік салығынан босату, микробизнес пен «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» халықты салықтан толық босату бар. «Ақ жол» партиясында мұндай адамдарға жұмыс істегені, мемлекеттен көмек күтіп, алақан жайып отырмағаны үшін және отбасыларын асырағаны үшін алғыс айту керек деп санайды. Осы күні-ақ партия мүшелері «Алуа-Строй» кәсіпорнының жұмысшыларымен кездесті. Кездесу 9 қабатты үйдің құрылыс алаңында өтті. Нысанды 2021 жылдың көктемінде пайдалануға беру жоспарлануда. «Ақжолдықтар» қалаға көшетін ауыл жастарын қолдау бойынша партияның ұсыныстары туралы айтты. Ол үшін әкімдіктер шағын өндірістерге, білім беру мекемелеріне және әлеуметтік инфрақұрылымға арналған үй-жайлары бар ықшам әлеуметтік тұрғын үйлерді жаппай салуға тиіс. «Мұндай тұрғын үй қарапайым және арзан болуы керек, сондықтан жастардың қалада бейімделуіне, білім алуына және жұмыс істеуіне – аяғына тұрып, өздерін ыңғайлы жағдайлармен қамтамасыз етуге деген ынтасы болуы керек», – делінген «Ақ жол» бағдарламасында. Сонымен қатар, жас отбасыларды ынталандыру және бала тууды арттыру үшін «Ақ жол» демократиялық партиясы 2013 жылдан бастап жас отбасылар үшін әр бала туған кезде 25% мөлшерінде ипотекалық кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды енгізуді табанды түрде ұсынады. Содан кейін екінші бала туған кезде мемлекет ипотеканың 50%-ын субсидиялауы, ал төртінші бала туған кезде мұндай отбасы ипотеканы 0%-ға дейін төмендете отырып, көп балалы санатқа ауыстырылуы тиіс деп ұсынылады. «Бүгінде үкіметтік бағдарламалар көпбалалы отбасыларға бағытталған. Бірақ ешқандай отбасы бірден үлкен болып кетпейді. Әрбір баланың дүниеге келуіне жастарды кезең-кезеңімен ынталандыру керек», – деп филиал басшысы Борис Мельников Бағдарламаның ережелерін келтіріп, болғалы жатқан сайлауда жерлестерін «Ақ жол» партиясына өз дауыс беруге шақырды. Көкшетау кәсіпорындарының қызметкерлері «Ақ жол» партиясының сайлауалды бастамаларына қолдау білдіріп, өз шағымдарын айтты.