Танымал әнші оқушы қызды зорлады деген күдікке ілініп, қамауға алынды

Өзбекстандық белгілі әнші Жасур Өміров кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айыппен қамауға алынды. Бұл туралы Самарқан облысы прокуратурасы хабарлады, деп жазады Centralasia.media агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, әнші биыл маусым айының басында 16 жастағы мектеп оқушысына зорлық-зомбылық көрсеткен. Әншінің оқушы қызбен интернет арқылы танысып, кейін үйге шақырып, алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болды.  Бірақ аудандық полиция бөлімінің өкілдері қыздың зорлық жасалғаны туралы өтінішін қабылдамай қойған. Қазанда жүргізілген қосымша тергеу тексерісінен соң ғана Өзбекстан Республикасының 118-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Back to top button