Жаңалықтар

«Ақ жол» партиясы ұсынған ипотеканы субсидиялау жүйесіне сайлаушылар жоғары баға берді

ашық дереккөзі

«Ақ жол» партиясы ұсынған ипотеканы субсидиялау жүйесіне сайлаушылар жоғары баға берді

«Ақ жол» партиясы ұсынған жас отбасыларға арналған ипотеканы субсидиялау жүйесін сайлаушылар әлеуметтік әділетті деп бағалады. «Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Ақтөбе облысының кәсіпкерлері және қаржы секторының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Бағдарламаның бизнесті қолдауға және әлеуметтік салаға қатысты бағыттары сайлаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Кәсіпкерлер бизнеске арналған несиелер бойынша пайыздарды төмендету жөніндегі «Ақ жол» ұсынған шаралардың өзектілігін атап өтті. Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Асқар Садықов «Ақ жол» ҚДП алдағы уақытта да Қазақстанның ұлттық мүддесіне қызмет етіп, демократияны нығайтуға, бизнесті қолдауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ететіндігін мәлімдеді. Әңгіме барысында тұрғындар жас отбасыларға арналған ипотекалық бағдарламаның жоқтығын атап өтті. Сондықтан партия ұсынған жас отбасылар үшін ипотекалық несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жүйесінің әр баланың туылуына қарай 25% пайыздық мөлшерін жабуды – әлеуметтік әділ деп бағалады. «Бүгінде үкіметтік бағдарламалар көпбалалы отбасыларға бағытталған. Бірақ ешқандай отбасы бірден үлкен болмайды. Жастарды әрбір кезекті баланың дүниеге келуіне кезең-кезеңімен ынталандыру керек. «Ақ жол» партиясы 2012 жылдан бері мынадай ұсыныс жасап келеді: 1-ші бала туған кезде 25%-ға және одан әрі әрбір келесі баланың туу кезінде ұлғаятын болса, онда екінші бала туған кезде мемлекет ипотеканың 50% субсидиялайды, ал 4-ші бала туған кезде мұндай отбасы ипотеканы 0% дейін төмендете отырып, көп балалы отбасылар санатына ауыстырылады», – деп атап өтті Д.Еспаева. Кездесуге қатысқандар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) жұмысының тиімділігі мәселелерін көтерді. Олардың пікірінше, арнайы қор құрумен қызмет көрсету және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің сапасы жақсармағанын жеткізді. Осылайша, олар партияның жеке шоттар туралы бастамасын толығымен қолдады. Кездесуге қатысушылардың бірі-бұрынғы ауған жауынгері ӘМСҚ жүйесіне көшкеннен бері арзан және тиімсіз дәрі-дәрмектердің ұсынылуына наразылығын білдірді. «Әрбір азаматқа қорда оның жеке шоты бекітілуі тиіс, онда оның төлемдері есепке алынады және салымшының өзінің немесе оның жақындарының келісімі бойынша ғана оның емделгені үшін ақша төленуі мүмкін. Сапасыз ем жасалған немесе нашар қарым-қатынас жағдайларында тұтынушының мұндай қызметтерге ақы төлеуден бас тартуға құқығы болуы тиіс. Сонымен қатар, Қордың өзі салымшылардың алатын медициналық қызметтерінің сапасын бақылауға және пациенттердің шағымдары бойынша тұрақты жұмыс жүргізуге (қажетті шаралар қабылдауға) міндетті. Сонда ғана емдеу мекемелерінің қызметкерлері өз міндеттеріне мұқият қарайтын болады, ал адал медицина қызметкерлері олардың ауыр еңбегіне лайықтыеңбекақы алатын болады», – делінген «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасында. Үгіт-насихат тобының мүшелері сұрақтарға жауап беріп, сайлаушылардың мүддесін қорғау жөніндегі жұмыстарды жалғастыра беретініне сендіріп, аймақтағы кәсіпкерлер мен қаржыгерлерді «Ақ жол» үшін дауыс беруге шақырды.