Жаңалықтар

«Ауылдан ауылға» республикалық акциясы бастау алды

ашық дереккөзі

«Ауылдан ауылға» республикалық акциясы бастау алды

Жамбыл облысында «Ауыл» партиясының «Ауылдан ауылға» республикалық акциясы бастау алды. Республиканың барлық аймағында болып, партияның сайлауалды бағдарламасын тұрғындарға түсіндіріп, насихаттауды мақсат тұтқан айтулы акцияға Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Қарлығаш Аралбекова мен Нұржігіт Бегалы, сондай-ақ Жамбыл облысының барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттығына ұсынылып жатқан кандидаттар қатысты. Жалпы соңғы 10 жылға дейінгі уақытта ел аумағында 7 мыңнан аса елдімекен болса, бүгінде алты жарым мыңнан аз ауыл қалған. Жергілікті жерде жұмыссыздық пен жағдайдың жоқтығынан ауыл тұрғындарына қалаларға үдере көшуге тура келген. Сол себепті урбанизация қарқынының артуы көрініс беріп отыр.