Еңбек адамдарының құқығы – кандидаттардың басты назарында

Еңбек адамдарының құқығы – кандидаттардың басты назарында

Еңбек адамдарының құқығы – кандидаттардың басты назарында
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидаттар – Қ.Айтуғанов, Т.Рахымбеков және Т.Зейнуллин Астана электротехникалық зауытында (бұрынғы Целинсельмаш) болып, еңбек ұжымымен кездесті. Алдымен зауыт директоры А.Сыздықов депутаттыққа кандидаттарды зауыт жұмысымен таныстырды. Ол Қазақстан экономикасының барлық салаcы үшін сапалы және қажетті электр техникалық жабдықтарды өндіру бойынша зауыт тұрақты жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Мұндағы жоғары білікті мамандар жобалаудан бастап монтаждауға дейінгі бүкіл процессті атқарып жатқанын айтты. Қызметкерлер саны 160-тан астам адамды құрайды. Шығарылатын өнім түрлері 60-қа жуық атаудан тұрады. Қазіргі уақытта зауыт электр өнімдерін отандық өндіруші ретінде мемлекеттік тізілімге енгізілген. Зауыт қызметкерлері алдында сөйлеген депутаттыққа кандидат Т.Рахымбеков «Ауыл» партиясы жұмысшылардың заңды құқығына ерекше назар аударатынын атап өтті. Партия кәсіподақтармен бірлесіп еңбеккерлер үшін заңнамада көзделген барлық кепілдіктерді – санаторийлік-курорттық емдеуді, сауықтыруға арналған төлемдерді, балаларды жазғы демалыспен қамтамасыз етуді қамтитын әлеуметтік пакетті әзірлеуді және енгізуді жақтайды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ректоры Қайрат Айтуғанов «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС аграрлық жоғары оқу орындарының түлектері үшін бірінші жұмыс орнын квоталау жөніндегі партияның бастамасын іске асыруға қатысуға барлық мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол «Ауыл» партиясы коммуналдық қызметтерге, бірінші кезекте өндірістік сектор кәсіпорындары үшін электр энергиясына тарифтерді субсидиялау жүйесін енгізуді қолдайтынын айтты. Осыдан кейін «Ауыл» партиясынан депутаттыққа кандидаттар ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары және Кәсіподақтар федерациясының республикалық бақылаушылар штабының жетекшісі Нұрлан Өтешевпен кездесіп, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және сайлау үдерісіндегі бақылаушылардың рөлі жөніндегі мәселелерді талқылады. Сайлауалды тұғырнаманы таныстыра отырып, «Ауыл» партиясынан кандидат Қайрат Айтуғанов ауыл шаруашылығында көп жағдайда еңбек қатынастары үлгілік еңбек шарттары шегінде формальды түрде реттелетінін атап өтті. Шалғайдағы мал шаруашылығында мен үй шаруашылығында жағдай одан да нашар – қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы барлық жағдайлар тиісті қағазсыз сөзбен ғана келісіледі. Қ.Айтуғановтың пікірінше, осыған байланысты еліміздің әрбір ауданында кәсіподақ қозғалысын жандандыру қажеттігі пісіп-жетілді деді. Ауыл еңбеккерлері өздерінің заңды құқығын түсіндіруге және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін шешуге аса мұқтаж. Кездесу барысында «Ауыл» партиясының Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі, депутаттыққа кандидат Төлеутай Рахымбеков Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясы мемлекеттік билік органдарынан, жұмыс берушілерден және саяси партиялардан тәуелсіз бірнеше қоғамдық институттардың бірі болып табылатынын атап өтті. Отыз жылдан бері Федерация азаматтық қоғамның құқығын лайықты қорғап келеді және өзінің ерекше беделінің арқасында байқаушы ретінде сайлауға үнемі қатысып келеді. Т.Рахымбековтың пікірінше, федерацияның өңірлердегі өкілділігінің жоғары деңгейі, оның объективтілігі мен мінсіз тәжірибесі сайлау учаскелерін барынша қоғамдық бақылаумен қамтуға мүмкіндігі барын, бұл электоратты белсенділікке ынталандыру үшін маңызды фактор екенін айтты. Кәсіподақтар федерациясының деректері бойынша АӨК қызметкерлерінің мүдделерін қорғау үшін тиісті бірлестіктер құрылып, жұмыс істеуде, алайда олардың саны ұлғайтуды қажет етеді. Жалпы, Кәсіподақтар федерациясының республикалық бақылаушылар штабының жетекшісі Нұрлан Өтешев хабарлағандай, дауыс беру барысын 7 мыңға жуық адам бақылайтын болады және олардың әрқайсысы сайлаушыларға мәжбүрлі түрде ықпал ету әрекеттерінің жолын кеседі.