Жаңалықтар

Доллар құны құлдырады

ашық дереккөзі

Доллар құны құлдырады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады. Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 21 желтоқсан күнінің кешімен салыстырғанда 0,52 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 419,14 теңгені құраған. Ұлттық банктің 22 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 419,62 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 420,76 теңге, сатып алу – 419,22 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 421,13 теңгеден болса, ал сатып алу – 419,99 теңгені құрайды.