ҚХП: Зейнетке шығу шегі 60 жасқа дейін төмендетілуі керек

ҚХП: Зейнетке шығу шегі 60 жасқа дейін төмендетілуі керек

ҚХП:  Зейнетке шығу шегі 60 жасқа дейін төмендетілуі керек
ашық дереккөзі
Қызылордада қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат , ҚХП мүшесі Талғат Телеубаев қала маңындағы Талсуат кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Ол көпшілік үшін өзекті мәселе –  зейнетке шығу жасын төмендету туралы мәселені қаузады. Қазақстан Халық партиясы республика азаматтарының зейнет жасын жынысына қарамастан 60 жасқа дейін төмендетуді жақтағаны белгілі.
Депутаттыққа кандидат Талғат Телеубаев еңбек жағдайларының күрделілігіне қарай есептелуі тиіс зейнетақы мәселесін қайта қарау керектігін мәлімдеді. – Зейнетке шығу шегі жынысына қарамастан 60 жасқа дейін төмендетілуі керек. Егер мемлекет жастарды тиісті дәрежеде жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алмаса, онда зейнетке шығу жасын кезең-кезеңмен көтеру мүлдем қате қадам болмақ. Қазақстан Халық партиясы қазіргі зейнетақы жүйесі шын мәнінде аға буынды жарылқай алмайтынын жақсы біліп отыр. Сондықтан бұған мүлдем жол беруге болмайды. Ең төменгі базалық зейнетақы жыл сайын түзетіле отырып, орташа жалақыға тең болуы тиіс, – деді кездесу барысында Талғат Телеубаев. Ол партия болашақ зейнеткерлердің қаржылық «қауіпсіздік жастығын» қалыптастыруға арналған құралдар тізбесін кеңейтуге қол жеткізеді деп  сендірді. – Лайықты қарттыққа қол жеткізу үшін номиналды инфляцияны ғана емес, сонымен бірге нақты тұтыну бағаларының өсу индексін, сондай-ақ жалақының өсу индексін ескере отырып, зейнетақыны жыл сайын арттыру керек. Зейнеткерлер үшін бірыңғай әлеуметтік карталарды енгізу қажет. Олар қоғамдық көлікті тегін пайдалануы қажет, медициналық қызмет қол жетімді болуы керек, мәдени орындарға тегін баруы тиіс, – деді Талғат Телеубаев. Айта кетейік, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Талғат Телеубаев азаматтармен жер мәселесіне қатысты жағдайды да талқылады. Жерді мемлекеттік меншікке қайтару қажеттілігі туралы әңгіме қозғалды. Талғат Телеубаев партияның Қазақстан жерін шетелдіктерге сатуға және жалға беруге болмайды деген қағидатты ұстанатынын жеткізді. Талсуат тұрғындарымен болған кездесу ҚХП-ның сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылды.