Әлемдегі ең бай адамның қызметкерлері ереуілге шықты
Әлемдегі ең бай адамның қызметкерлері ереуілге шықты
Еңбек жағдайларына наразылық білдірген Amazon қызметкерлері Германияда ереуілге шықты. Бұл туралы Verdi кәсіподағының хабарламасында айтылған.
Ереуіл 24 желтоқсанға дейін созылуы тиіс. Кәсіподақтың мәліметінше, оған 1,7 мыңға жуық адам қатысады. Қызметкерлердің сөзінше, корпорация өзінің миллиардтық кірісін көбейтуді жалғастыруда, бірақ Ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес қызметкерлерге төлем жасаудан бас тартқан.
Кәсіподақ атап өткендей, қызметкерлердің жүктемесі тым ауыр, бұл пандемия жағдайында олардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Компания жұмысшылары өз жалақыларын көтеруді талап етуде. Ал Amazon әкімшілігі қызметкерлер өз жұмысына лайықты еңбекақы алатынын мәлімдеді.
Қыркүйек айында "Ашық нарықтар институты" құқық қорғау ұйымы компанияны өз қызметкерлерін бақылау орнатты деп айыптаған еді. Жүйе қызметкерлердің жұмысы мен қозғалысын бақылайды, сонымен қатар жұмысқа кететін уақытты қадағалайтын көрінеді. Ұрлықты болдырмау үшін ауысым соңында әр қызметкер жіті тексеріледі екен.
Айта кетейік, Amazon компанияның басшысы - әлемдегі ең бай адам Джефф Безос.