Қастеев музейінде "Үш көзқарас" көрмесі өтеді

Қастеев музейінде "Үш көзқарас" көрмесі өтеді

Қастеев музейінде "Үш көзқарас" көрмесі өтеді
ашық дереккөзі
2016 жылы 2 қыркүйекте Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі  «Чесноков & Большой» арт-гелереясымен бірлесіп, мәскеулік жас суретшілер Корнелия Манго, Алия Багау, Илона фон Шлеердің шығармашылығымен таныстырған «Үш көзқарас» көрмесіне арналған салтанатты кешке шақырады. Кеш бағдарламасында: картиналардың танстырылымы, фуршет, көрме жетекшісі Леонид Большоймен кездесу болады деп хабарлайды Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы. Көрмеге орындау стилі мен желісі жағынан әрқалай үш суретшінің жұмыстары қойылған. Бұл көрменің идеясы – қоршаған дүниеге үш әйелдік көзқарас пен әрқайсысы әр түрлі үш өмірлік және шығармашылық тағдырды көрсету. Корнелия Монгоның нақ бір шырыны аққан жас шараптай жарқын батыл жұмыстары жетілмеген дүниетаным мен баянсыз тіршілік туралы ойлануға жетелейтін Алия Багаудың кескіндемелерін онан сайын қоюландырып жібереді. Илона фон Шлеердің жұмыстары өзінің еркіндігімен ерекшеленеді, өзінің дүниеге балаша көзқарасымен қайран қалдырады. Корнелия Манго. Ресей Суретшілер одағының мүшесі, кәсіби кескіндеме оқытушысы. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, ол қалың көпшілікке өзінің музыкалық шығармашылығымен жақсы таныс. Суретші осы аз уақыт ішінде өзінің жеке 24 көрмесін өткізіп үлгерді, оның ішінде Дрезден қаласында да бір көрмесін халыққа ұсынды. Корнелияның жұмыстарын шоу-бизнестің белгілі өкілдері Алла Пугачева, Наталья Гулькина және т.б.  коллекцияларынан таба аласыз. Алия  Багау 1981 жылы  Уфада дүниеге келді. 2002 жылы Уфа өнер училищесін (кескіндеме), 2007 жылы Башқұрт мемлекеттік педагогика институтын бітірді. 2007 жылдан «Ресей Суретшілер одағы» Бүкілресейлік қоғамдық шығармашылық ұйымының  Башқұрстан Республикасындағы аймақтық бөлімшесі жастар бірлестігінің мүшесі. 2008 жылдан Ресей Шығармашылық Суретшілер одағының мүшесі. Кескіндемеші, график, акционист. 1999 жылдан қалалық, аймақтық, аймақаралық, бүкілресейлік және халықаралық көрмелер мен жобаларға қатысып келеді. Шығармашылық активінде төрт жеке көрмесі бар. Жұмыстары Н.В. Нестеров атындағы Башқұрт мемлекеттік көркемсурет музейінде, Н. Латфуллин атындағы Қазіргі заман өнері музейінде, Мәскеу, Лондон, Израиль және т.б. елдердің жеке коллекцияларында сақтаулы. Мәскеуде тұрып, сонда еңбек етеді. Илона фон Шлеер Тбилисиде дүниеге келді. Балалық шағын қызықты да жақсы адамдар ортасында өткізді. Ол күнделікті өмір көріністерін салуды ұнатты – гүлзар ішінде қолында шоқ гүл ұстаған қыз, сәкіде отырған қос құрбы, біреу шағын ресторанда тамақтануда, Еуропа пейзаждары, кішігірім көшелер мен жайлы үйлер. Илона фон Шлеердің мұндай жұмыстары айқын да мейірімді – бәрі де қазіргі көрерменнің көңіліне жылы ұшырайды.