Алматы облысында еліміздегі алғашқы беби-бокс қойылды

Алматы облысында еліміздегі алғашқы беби-бокс қойылды

Алматы облысында еліміздегі алғашқы беби-бокс қойылды
ашық дереккөзі
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында елімізде алғаш рет ата-анасы бас тартқан тастанды балаларға арналған беби-бокстар орнатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Аурухана директоры Жәмилә Әбеуованың айтуынша, беби-бокстардың жанында бақылау камералары болмайды, бәрі құпия болады. Балаға дереу қажетті медициналық көмек көрсетіледі.  width=
"Әйел босанғаннан кейін қиын жағдайда болса, баладан бас тартқысы келсе, оны тәрбиелеуге материалдық иә моральдық жағынан мүмкіндігі болмаса, беби-боксқа баланы қалдыра алалды. Әйелдің 3 ай ішінде ойланып, артынан қайтып оралуына мүмкіндігі бар", - деді Жәмилә Әбеуова.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова Қазақстанда беби-бокстар орнатуды ұсынған болатын.