Президент жаңа жылдық тілегін айтты

Президент жаңа жылдық тілегін айтты

Президент жаңа жылдық тілегін айтты
ашық дереккөзі
Ресей президенті Владимир Путин өзінің жаңа жылдық тілегін айтты, деп хабарлайды РИА Новости Дүйсенбі күні кешке Мемлекет басшысы Кремльдің жанында хоккей ойнауды армандаған челябинсктік Дима есімді баланың тілегін орындау үшін Қызыл алаңдағы мұзға шықты. Хоккей жаттығулары аяқталғаннан кейін қоштасар сәтте кішкентай қыз Путиннен Жаңа жылға қандай тілек тілегенін сұрады. Мемлекет басшысы алдымен бұл туралы  әлі ойланбағанын айтты, алайда ұзақ бөгелмей: "Барлық адамның дені сау болғанын тіледім!" деді.