Ұлттық брендке байқау жарияланды

1 қыркүйек, 2016 / Ақниет ОСПАНБАЙ
ашық дереккөзі
Ұлттық брендке байқау жарияланды Тұңғыш рет Қазақстанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін» анықтау жөніндегі республикалық байқау өтеді. Байқауға ұлтына қарамастан жеке және заңды тұлғаларды қатыстыруды қабылдай алады. Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін қалыптастыру бойынша ашық байқау көмегімен  үздік ұсынысты анықтау мен құру. Байқаудың негізгі міндеттері: Байқауға қатысу үшін:www.mic.gov.kz/kk/competition сайтқа тіркелу, өтінімді толтыру, логотип, слоган және тұжырымдаманы (концепция) енгізу қажет. Байқауға бұрын жарияланған және қолданылған брендтер, логотип, слоган мен патенттелген белгілер жіберілмейді. Байқау екі кезеңнен өтеді және 31 тамыздан басталады: I кезең – интернет-қолданушылардың дауыс беруі, II кезең – Сараптау кеңесі алдында жұмыстардың тұсаукесері. Жеңімпаз 5 000 000 теңге ақшалай көлемде сыйақымен  ынталандырылады. Байқаудың құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылады. Ұйымдастырушы – «Қазконтент» АҚ.