Рудныйда өртенген пәтерде екі адам қаза тапты

Рудныйда өртенген пәтерде екі адам қаза тапты

Рудныйда өртенген пәтерде екі адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Қостанай облысы Рудный қаласының "Октябрьдің 50 жылдығы" көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Қостанай облысының төтенше жағдай департаменті хабарлады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сенсек, оқиға туралы дабыл кезекшінің пультіне 21 желтоқсан күні 00:55 кезінде түскен. Өрт сөндірушілер келген сәтте екінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерден түтін шығып жатты. Сондай-ақ, түтін барлық қабаттарды қамтитын кіреберісте тез тарады. ТЖД күшімен баспалдақ маршы бойынша 32 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Жанып жатқан пәтердің есігін аспаппен ашуға тура келді. Сонымен қатар үш иінді баспалдақпен балкон арқылы отты екі бағыттан сөндіру үшін өрт сөндірушілер пәтерге кірді. 5 шаршы метр алаңдағы қонақ бөлмесінде жұмсақ жиһаз жанып жатты. Диван үстінен 1959 жылы туған пәтер иесінің денесі табылды. Келесі бөлмеде төсекте 1954 жылы туған 2-ші топтағы мүгедек ер адамның мәйіті жатты. Өрт 01:35-те өшірілді. Өртті сөндіруге 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Өрттің себебі - отты абайсыз қолдану. Айта кету керек, бұған дейін 3 қыркүйекте аталған мекенжайда тұратын тұрғындармен профилактикалық жұмыс журналына белгі қойып, нұсқаулық өткізілген. Сонымен қатар, 22 қыркүйекте жиын барысында тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары түсіндірілген.