Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды
ашық дереккөзі
Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет. Ертең, яғни 22 желтоқсан күні Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, қарлы бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ерең түнде Маңғыстау облысының да кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады.