Жаңалықтар

Медицина саласындағы маңызды мәселелер талқыланды

ашық дереккөзі

Медицина саласындағы маңызды мәселелер талқыланды

Қалалық мәслихат депутаттығына "Nur Otan" партиясы атынан үміткерлер Темірболат Ахажан, Ерлан Андасбаев, Алишер Манликов медицина саласының қызметкерлерімен ZOOM платформасы арқылы кездесу өткізді. Кездесу аясында аталмыш саладағы жаңалықтар мен бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Айта кетейік, партияның сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлінген. Атап өтер болсақ, диагностикамен емдеудің жаңа жоғары технологиялық әдістерін енгізу, емдеу мекемелерінің жабдықталуы, материалдық-техникалық базасын нығайту, сирек профильді 20 дәрігерді (акушер-гинеколог, маммолог, балалар рентгенологтары, эндокринолог, невролог, травматолог, проктолог) қызметке тарту, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, яғни, тұрғын үймен қамтамасыз ету қарастырылған. «Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі басым бағыттары – Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев бастамасы негізінде халықтың түпкі мүддесін және барлық саяси, экономикалық-әлеуметтік мақсат-міндеттерімізді  айқындайтын реформалардың бағыттарына қолдау көрсету оны одан әрі жалғастыру. Сондай-ақ,  тұрғындардың денсаулығын нығайту, жалғызбасты аналарды қорғауға назар аудару, халықтың әлжауаз тобы (соғыс, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы отбасылар), білім алушы жастардың әл-ауқатына баса назар аударылатын болады» – деп  атап өтті Темірболат Жанболатұлы.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 5-тармағына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары сайлауында "Nur Otan "партиясы" сайлау қорының қаражатынан Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы төленді. Тапсырыс беруші: Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары сайлауында "Nur Otan" партиясы " ҚБ сайлау қоры атынан Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы.