Шахтинск тұрғындары Nur Otan партиясы атқарған жұмыстардан хабардар
Шахтинск тұрғындары Nur Otan партиясы атқарған жұмыстардан хабардар
Кандидаттар үй-үйді аралап, тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламаларын түсіндіріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. «Шахтинск қаласына кіре берісте «Шахтинск – үлгілі қала» деген жазу бірден көзге түседі... Бұл қалада шынымен бір ерекшелік байқалатындай... Тұрғындарының жүзінен ізеттілікті байқадық. Алғашқы барған ауладан Рымтай есімді апамен жолықтық. Біздің киіміміздегі жазуды оқып, нұротандық екенімізді бірден байқады. Барлық атқарған жұмысымыздан хабардар екенін жеткізді. Теледидарды үзбей қарап отырып, елдің өркендегеніне куә екенін айтты. Келесі үйде тұратын Алтынай анамыздың шаңырағына да бас сұқтық. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қария бүгінде немере сүйіп отыр. Балалары мен жинаған кітабы – байлығы екенін жеткізді. Болашақ жастардікі деп бата тілегін арнады. Мұндай тұрғындары бар елдің ұрпағы да саналы болып келетіні сөзсіз» – деді Мира Атамалқызы.
Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалының Сайлау қорынан төленді