Мемқызметшілерге шетелдік банктердегі шоттарын жабуға 6 ай уақыт берілді

Мемқызметшілерге шетелдік банктердегі шоттарын жабуға 6 ай уақыт берілді

Мемқызметшілерге шетелдік банктердегі шоттарын жабуға 6 ай уақыт берілді
ашық дереккөзі
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мемлекеттік қызметшілердің, Парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерде шот ашуға тыйым салуға қатысты заңдағы жаңа новелланың мән-жайын түсіндірді. «Мемлекеттік қызмет – бірқатар шектеулерді қабылдауды көздейтін қызметтің ерекше түрі. Осы түзетулерді әзірлеу кезінде ел мен халықтың мүддесі үшін қызмет ету идеологиясы басшылыққа алынды. Енді мемлекеттік қызметшілерді қызметке тағайындау кезінде шетелдегі шоттарын жабу үшін алты айлық мерзім беріледі. Жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерге қатысты сөз қозғасақ, оларға заң қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасынан тыс аумақта орналасқан шетелдік банктік шоттарды жабуға алты ай беріледі», - деді Олжас Бектенов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің шетелдік банктерде шоттарының болуына құқығы бар жағдайлар айқындалған. «Олардың қатарында: шетелде жұмыс істеу, оқу, тағылымдамадан өту, іссапар немесе емделуден өту, кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі ретінде шетелде болу жағдайлары бар. Егер мемлекеттік қызметші шетелдік банктегі шотты жапқысы келмесе, мемлекеттік қызметтен кетуге ниет білдірсе, онда ол өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш бере алады», - деді ол.