Халық денсаулығы «Nur Otan» партиясының назарында

Халық денсаулығы «Nur Otan» партиясының назарында

Халық денсаулығы «Nur Otan» партиясының назарында
ашық дереккөзі
Бұланды ауданында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізінде медицина саласында қандай өзгерістер жоспарлануда? Ауданда халықтың денсаулығына жауапты басты салаға тиісті көңіл бөліне ме? Осы сауалдар тұрғысында Бұланды аудандық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан кандидат, аудандық аурухананың шұғыл есеп беру бөлімінің басшысы, дәрігер Анар Абдрахманова сайлаушылармен онлайн түрде байланысқа шығып, кездесу өткізді. халық денсаулығы Анар Баянбайқызы әлемді шарпыған ауыр індет COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қауіп төндіргенін баса айтып, қазіргі таңда пандемия кезінде орын алған кемшіліктерді ескере отырып, жаңа бағытта жұмыс істеуіміз керектігін атап өтті. Медицина саласындағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында партия келесі мәселелерді шешуге дайын: Макинск қаласының 8 дәрігеріне тұрғын үй сатып алу және ауылдық жерде тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беру есебінен дәрігер тапшылығын шешу. Сонымен қатар, 2022 жылы 7 ауылда, атап айтсақ Алтынды, Никольск, Капитоновка, Новобратское, Журавлевка, Тоқтамыс, Қараөзек ауылдарында, дәріхана пункттерін ашу көзделген. Аудандағы денсаулық сақтау саласының осал жерлерінің бірі – медициналық мекемелердегі материалдық-техникалық базаның сын көтермеуінде. Осы мәселені қолға алып, алдағы уақытта материалдық базаны нығайтып, дәлірек айтқанда, арнайы медициналық аппараттар, компьютерлік томография, оттегі концентраторлары және тағы да басқа керекті жабдықтар алу арқылы халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру қарастырылды. Партияның бастамасымен бүгінгі таңда «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында медициналық ұйымдарда және дәріхана желісінде халықты, соның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету жұмыс қарқынды жүргізіліп келеді. Саулаушылардың барлық сұрақтарына жауап қайтарып, кері байланыс түрінде сұхбат құрған Анар Баянбайқызы алдымыздағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды. – «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бәрімізді ортақтастырып, бір бағытта қарауға мүмікіндік беріп отырған «Nur Otan» партиясына барынша қолдау көрсету – сенімді болашақтың кепілі. «Nur Otan» – нақты міндеттер мен маңызды істер партиясы! Біз біргеміз! – деген насихаттау сөздерді айта келе Анар Абдрахманова кездесу соңында сайлаушыларына белсенділік танытып жүргендігі үшін алғысын білдірді.

 «Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.