2021 жылдың сәуірінен бастап жаңа төлқұжат беріле бастайды

2021 жылдың сәуірінен бастап жаңа төлқұжат беріле бастайды

2021 жылдың сәуірінен бастап жаңа төлқұжат беріле бастайды
ашық дереккөзі
Қырғызстанның тіркеу қызметі мен "Инфоком" мемлекеттік кәсіпорны 21 желтоқсанда жаңа биометрикалық төлқұжатты таныстырды, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 
Тіркеу қызметі төрағасының орынбасары Тилек Батырканов алғашқы даналары келгенін, құжаттарды заңдастыру процессінен кейін 2021 жылдың сәуір айынан бастап жаңа төлқұжат азаматтарға беріле бастайтынын жеткізді. "Бұл төлқұжат жеке куәліктердің ең жетілген түрі. Онда қауіпсіздіктің барлық элементтері енгізілген. Біздің қазіргі төлқұжат жаңа қауіпсіздік жүйесі бойынша ең үздігі", - деді Батырканов. "Инфоком" кәсіпорнының бас маманы Захид Абдыкаимов төлқұжат 34 және 50 беттен тұратынын, азаматтар қайсысын алады, өздері таңдау жасайтынын айтады. 2020 жылдың мамыр айында Қырғызстанның мемлекеттік тіркеу қызметі немістің Mühlbauer ID Services компаниясымен биометрикалық төлқұжат дайындау бойынша келісім-шартқа отырған. Аталған компания биыл сәуір айында өткізілген тендерден жеңіп шыққан.