Жаңалықтар

«Шұжықтан шыққан шыжық». Айнұр Тұрсынбаева шұжық өнімдерінен қыл-қыбыр «шығуын» түсіндірді

ашық дереккөзі

«Шұжықтан шыққан шыжық». Айнұр Тұрсынбаева шұжық өнімдерінен қыл-қыбыр «шығуын» түсіндірді

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева осыдан 2-3 ай  бұрын бастаған кәсібіне әлдебіреулер әдейі кедергі болып отырғанын Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.  Жақында айтыскер ақынға тиесілі «Аidyn nury et» серіктестігінің өнімінен қыл-қыбыр шыққаны туралы ақпарат тараған болатын. «Тура мен сияқты «Мейржачная» шұжықтарының аммбассадоры Мейіржан бауырым бір кездескенімде «Айеке, шұжықтарыңыз қатты өтіп жатыр деп естідім. Енді арасынан қыл-қыбыр шығатын видеолар қаптайды, дайын болыңыз және ол видеолар космостық жылдамдықпен тарайтын болады» деп еді. Сөйтсем, алғаш сата бастағанда оның да шұжықтарынан шаш, тырнақ, жүн “шыққан” екен... Бәсекелестік қой, қайтеміз енді», – дейді Айнұр Тұрсынбаева. Айтыскер елге сіңірген еңбегі еленбей, керісінше «тырнақ астынан кір іздегісі» келетіндердің көбейіп тұрғанына өкпелі секілді. «Ең сорақысы біз оттегі концертратын тасығанда, баспана таратып жатқанда, азық-түлікті тегін таратқанда жақ ашпаған журналистер қауымы жүн шыққан колбасаны сатырлатып салып жатыр... Еріндей санап шықсам 22 ақпараттық парақша осы видеоны таратыпты» деп жазады ол.