Бесінші қабаттан лақтырып жіберген: Еркек пен әйелдің жанжалы трагедиямен аяқталды

Бесінші қабаттан лақтырып жіберген: Еркек пен әйелдің жанжалы трагедиямен аяқталды

Бесінші қабаттан лақтырып жіберген: Еркек пен әйелдің жанжалы трагедиямен аяқталды
ашық дереккөзі
Ресейде 41 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйелдің арасындағы жанжалдың соңы трагедиямен аяқталды. Ашушаң ер адам әйелді бесінші қабаттан лақтырып жіберді, деп хабарлайды хабарлайды Ren.tv. Оқиға 19 желтоқсан күні күндізгі уақытта Санкт-Петербургтің Красногвардейский ауданындағы Ленская көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Жәбірленуші әйел ер адамның үйіне қонаққа келген, олар бірге ішімдік ішкен. Кенет араларында жанжал туындап, ер адам алдымен әйелді соққыға жығып, содан кейін бесінші қабаттың балконынан лақтырып жіберген. Жәбірленуші аман қалғанымен, көптеген ауыр жарақаттар алып, емханаға түсті. Жоғары қабаттан құлаған әйел жабық бас-ми жарақатын алып, жағы мен кеудесі сынған, сондай-ақ дәрігерлер омыртқасы мен жамбас сүйектерінің сынғанын анықтады. Одан бөлек, зардап шегугі ішінен жарақат алып, бүйрек үсті безі ажырап кеткен. Ішімдікке сылқия тойып алған ер адам ұсталды. Бұрын ол құқық қорғау органдарының назарына 10 рет түскен.  7 рет сотталған. Соңғы рет 41 жастағы ер адам 2018 жылы кісі өлтіру қаупі үшін істі болды.