Ресейлік журналист: Астрахан мен Орынбор – қазақтың атақонысы

Ресейлік танымал қоғам қайраткері, саясаткер, журналист Максим Шевченко аталған елдің Мемлекеттік дума депутаттарының Қазақстанға қатысты айтқан арандатушы мәлімдемелеріне қатысты пікір білдіре келе, Ресейдің қазіргі Астрахан мен Орынбор облысында тұратын қазақтар шын мәнінде өз жерінде, атақонысында өмір сүріп жатқаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды kaztag.kz.

«Әрине, ұлы дала – ежелден қазақтардың, түріктердің, көшпенді халықтардың мекен еткен атақонысы. Орыстар ол жерде кезіндегі империялық отарлау саясатының нәтижесінде пайда болды. Осы үшін орыс халқына жеккөрушілікпен қарамайтын қазақтарға алғыс айтуымыз керек. Онда (Қазақстанда –ред.) орыстар көп тұрады. Оралда, Қарағандыда, Алматыда. Оларды қазақтар бауырына басып отыр. Қазақ халқы – өте жақсы халық. Қонақжай әрі намысқой. Олардың намысына тиюге болмайды. Никонов секілділер әдейі намысқа тиіп отыр».

Back to top button