Ташкентте БАҚ өкілдері «Абай» медалімен марапатталды

Ташкентте өзбекстандық БАҚ өкілдері «Абай» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Өзбекстанның «ӨзА» ақпараттық агенттігі.

Қазақ елінің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Өзбекстандағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің Бас ғимаратында шара өтті.

Шарада бауырлас елдердің арасындағы достық қарым-қатынасқа дәнекер болып жүрген бір топ БАҚ өкілдеріне Абайдың 175 жылдығына арнап шығарылған «Абай» медалі тапсырылды.

Шараға Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Дархан Амангелдіұлы қатысып, сөз сөйледі.

Back to top button