2020 жылдың ең танымал автокөлік түсі анықталды

Өнеркәсіптік бояумен айналысатын Axalta компаниясы 2020 жылдың ең танымал автомобиль түстерінің рейтингін жасады. Бұл туралы Autoblog порталы хабарлады.

Қатарынан оныншы рет ақ түс бірінші орын иеленді. Статистикаға сәйкес, орта есеппен әрбір үшінші машина осы түсте шығарылады. Осылайша, ақ басқа реңктерден 38 пайызға алда. Екінші орында – қара, одан кейін сұр және күміс түстегі көліктерге сұраныс жоғары болған.

Қазан айында АҚШ-та жүргізілген сауалнамаға сәйкес, америкалықтар басқа ұлттармен салыстырғанда көлік түстерін жиі ауыстырады екен: олар үшін ең танымал түстер ‒қызыл және көк. Ал Еуропада, Жапонияда және Оңтүстік Кореяда автокөлік жүргізушілері көбіне көк реңкті құп көреді екен. Үндістан жолдарынан көбіне қоңыр және ақшыл сары көліктерді кезіктіресіз.

Back to top button