Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

ашық дереккөзі

Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі. «Қазақстанда өндірілген «Спутник V»-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады», – деді А.Мамин.