Көшеден 1,3 миллион теңге тауып алған азамат ақшаны иесіне қайтарды

Көшеден 1,3 миллион теңге тауып алған азамат ақшаны иесіне қайтарды

Көшеден 1,3 миллион теңге тауып алған азамат ақшаны иесіне қайтарды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Висконсин штатының тұрғыны жалғыз аяқ жолдан 1 млн теңгеден астам ақша тауып алып, оны иелеріне қайтарып берді. Бұл туралы Facebook-тегі Wausau Police Department полиция бөлімшесінің тобы хабарлады. 16 желтоқсанда ер адам көшеден 3 мың доллар (шамамен 1,3 млн теңге) тауып алған. Ақшаның жанында рождестволық сыйлық конверттері мен чектер болған. "Бұл ғажап адам дұрыс әрекет етіп, бізге хабарласты", — деп жазды полиция өкілдері. — Біз Peoples State Bank-тің керемет жігіттерімен бірге ақшаны заңды иесіне қайтаруға күш салдық". Нәтижесінде қаржысын жоғалтқан отбасы өз меншігіне қайта қол жеткізді. Жақсы іс-әрекеті үшін көтермелеу ретінде полиция ақшаны қайтарған адал азаматқа жергілікті мекемелердің біріне баруға сыйлық сертификатын берді. Осы оқиға туралы желідегі жазбаға мыңдаған адам пікір қалдырып, ұнату белгісін басқан. "Мұндай оқиғалар жайлы есту бір ғанибет, әсіресе, бізге көптеген қиындықтар мен қайғы-қасіреттер әкелген 2020 жылы мұндай әрекеттер жанымызды жылытады. Құдай ар-ожданды биік қоятын адамдарды марапаттайды деп үміттенейік", "Міне, биыл  Facebook-те тек осындай жазбалар жариялануы керек. Керемет оқиға үшін рахмет!" деп жазды желі қолданушылары.