Шешен спортшысы не үшін қазақтармен жекпе-жекке шыққысы келмейтінін айтты (видео)

Шешен спортшысы не үшін қазақтармен жекпе-жекке шыққысы келмейтінін айтты (видео)

Шешен спортшысы не үшін қазақтармен жекпе-жекке шыққысы келмейтінін айтты (видео)
ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде шешен жігітінің сөзі қызу талқылануда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сайты. Аралас жекпе-жек түрлерінен Шешенстан спортшысы Алихан Сүлейманов Мәскеу қаласында өткен АСА 115 турнирінде қазақстандық Нұрсұлтан Қасымхановты жеңгеннен кейін енді қазақ спортшыларымен бір жарысқа түскісі келмейтінін мәлімдеген. «Қазақтармен жекпе-жекке шыққым келмейді, олар бізге соңғы түйір нанын бөліп берген» дейді шешен спортшысы.