Нұрлан Нығматулин кеншілермен кездесті

Нұрлан Нығматулин кеншілермен кездесті

Нұрлан Нығматулин кеншілермен кездесті
ашық дереккөзі
ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясының сайлау науқаны аясында Қарағанды ​​облысының кеншілерімен кездесті. Партия бағдарламасының басымдықтары туралы Костенко атындағы шахта алдындағы кездесуде айтылды.
Кездесуде ең алдымен, еңбек жағдайлары, оның қауіпсіздігін арттыру және өндірістік жарақаттануды азайту туралы әңгіме болды. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бұл мәселелер әрқашанда «Nur Otan» партиясының бақылауында. «Елбасы, «Nur Otan» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шынайы еңбектің қадірін білетін кеншілер мен металлургтерге әрдайым назар аударып келеді. Біздің партиямыз жоғарыда аталған мәселелерді шешуге, сонымен бірге заңнамалық деңгейде реттеуді қолға алатын болады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жұмыспен қамту саясатын іске асыру шеңберінде партия лайықты жалақы мен халықтың табысын арттыруды басым бағыт ретінде қарастырады», – деді Нұрлан Нығматулин.  width= Қазіргі уақытта еңбеккерлердің қорғалуы мәселелері Еңбек кодексінің, өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заң жобасының құқықтық нормаларымен, авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттауды енгізумен бекітілген. Әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, өндірісті жаңғырту туралы әңгіме Костенко кенішінде жалғасты. Қазақстандықтардың тұрғын үй мәселелерін шешу бағытында «Nur Otan» партиясы 103 млн шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Тұрғын үйлер пайдалануға берілген кезде көпбалалы және әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға басымдық қарастырылады. Сонымен қатар әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді.  width= Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, осы бағыттарды іске асыру жалпы ел экономикасын дамыту үшін, оның ішінде Қарағанды облысының әлеуетін айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Nur Otan» әр өңір үшін инвестиция тартудың, өңірдің салалық мамандануын ескере отырып, жобаларды іске асырудың индикаторларын белгілеуге ниетті. Бұдан басқа, Қазақстанда өз кірістерін сақтау және қайта инвестициялау үшін инвесторларды ынталандыру бойынша шаралар қабылданатын болады.