Алматы облысында автобус жүргізушісін 150 теңгеге бола соққыға жыққан
21 желтоқсан, 2020 /
Ділда УӘЛИБЕК
Алматы облысында автобус жүргізушісін 150 теңгеге бола соққыға жыққан
Алматы облысы Жетіген станциясында автобус жүргізушісін 150 теңгеге бола соққыға жыққан.
Оқиғаның мән-жайы мен видеосын Бақытжан Рысбаев есімді азамат Facebook желісінде жариялаған.
«Жетіген ауылында бірнеше азамат №220 маршруттың жүргізушісін ұрып тастады. Жүргізушіні соққыға жығып, қабырғасын сындырған, сондай-ақ, барлық ақшасын алып кеткен», — деп жазды Бақытжан Рысбаев.
Автордың айтуынша, аталған фактіге қатысты полиция шарасыздық танытып отыр. Мұнымен қатар, оқиғаның небәрі 150 теңге үшін болғаны айтылған.