Алматы облысында автобус жүргізушісін 150 теңгеге бола соққыға жыққан

Алматы облысында автобус жүргізушісін 150 теңгеге бола соққыға жыққан

Алматы облысында автобус жүргізушісін 150 теңгеге бола соққыға жыққан
ашық дереккөзі
Алматы облысы Жетіген станциясында автобус жүргізушісін 150 теңгеге бола соққыға жыққан. Оқиғаның мән-жайы мен видеосын Бақытжан Рысбаев есімді азамат Facebook желісінде жариялаған. «Жетіген ауылында бірнеше азамат №220 маршруттың жүргізушісін ұрып тастады. Жүргізушіні соққыға жығып, қабырғасын сындырған, сондай-ақ, барлық ақшасын алып кеткен», — деп жазды Бақытжан Рысбаев. Автордың айтуынша, аталған фактіге қатысты полиция шарасыздық танытып отыр. Мұнымен қатар, оқиғаның небәрі 150 теңге үшін болғаны айтылған.